Еліміздегі ӘКК-лерді «Самұрық-Қазына» қорының өңірлердегі өкілдіктері етіп өзгерту жоспарланып отыр - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміздегі Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды «Самұрық-Қазына» қорының өңірлердегі өкілдіктері етіп өзгерту жоспарланып отыр.
None
None
Бұл туралы Қор басшысы Қайрат Келімбетов өздерінің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Самұрық-Қазына» қоры өңірлердегі қызметін белсендіруді жоспарлап отыр. Ол үшін Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды реформалап, оларды Қордың өңірлердегі өкілдіктері етіп өзгерту көзделуде», деді алқада Қ. Келімбетов. Оның айтуынша, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бизнеспен және жергілікті атқарушы органдармен өзара тығыз әрекеттесе отырып, жергілікті жерлердегі инвестициялық жобаларға бастамашы болады және оларды жүзеге асыру мәселесін үйлестіріп отырады. Қ, Келімбетов Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды қайта құрылымдау биылғы жылы жоспарланып отырғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар