Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтарға салынған инвестициялар 325 млрд. теңгеден асты

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Еліміздің 9 арнайы экономикалық аймағындағы қатысушы компаниялар саны 490-ды құрады. Қазірдің өзінде бұнда 146 компания өз жобаларын жүзеге асыруда.

 Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтарға салынған инвестициялар 325 млрд. теңгеден асты

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өткен Үкімет сағаты барысында  мәлім болды.

Министрліктің деректеріне қарағанда, қазіргі күні «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ жаңа даму дегейіне шықты. Бұл нысанды басқаруға малайзиялық компаниялар өз әзірлігін танытқан. Бұдан бөлек, «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеген «Делойт» компаниясы мен  «Джебел Әли» (Біріккен Араб Әмірлігі) басқарушы компаниясы арасында келіссөздер жүргізуде.    

«Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 6 арнайы экономикалық аймағы аумағында инвесторлардың салымдары 625 млрд. теңгеден асып отыр. Бұл 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15 есеге артық. Шығарылған өнім көлемі 254 млрд. теңгеден асып, 10 мың жұмыс орны құрылды», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.