Еліміздегі автопарктің 16,2 пайызы жаңа көліктер

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 1 қыркүйекте тіркелген еліміздегі автокөліктер саны 3,85 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш биылғы қаңтар айымен салыстырғанда 1,2%-ға көбірек, деп хабарлайды Energyprom.kz">Energyprom.kz .
None
None

Мониторингтік агенттік соңғы жылдары автопарк құрылымының елеулі түрде жаңарғанын атап өтті. Жазғы қорытынды бойынша, үш жыл толмаған автокөліктер үлесі 16,2% құрады. Ал ескі көліктердің (10 жылдан асып кеткен) еліміз бойынша үлесі әлі де жоғары - 58,8%. 10,2% автокөліктің жасы 3-7 жыл аралығында, ал 7-10 жыл аралығындағы автокөлік мөлшері - 9,1%. 

Көпжылдық динамикада көне автопарктердің жаңа көліктерге орын беріп,  жылдан-жылға азайып жатқаны байқалады. Мәселен, 2012 жылдың қорытындысы бойынша көнерген көліктер парктің 79,5% алған, ал жаңа көліктер үлесі 2,7% ғана болған.

Сонымен бірге, биылғы жылы жаңа көліктер (3 жыл толмаған) үлесі 16,2% деңгейінде сақталып тұр. Қазақстан аумағы бойынша олардың саны қаңтар айынан қыркүйекке дейін 1,2% (7414 дана) 622,5 мыңға дейін көбейді. Ескі көліктердің көбеюі бойынша Алматы облысы көш бастап тұр - 13,9 мыңнан (4,1%) 350 мыңға дейін.

Ең жаңа автопарк Атырау облысында орналасқан. Мұнда үш жыл толмаған автокөліктер (30,4 мың, жыл басынан бері тағы 864) 38,8% құрайды, ал 10 жылдан асып кеткен көліктер 26,1% ғана. Салыстырмалы түрде, 2016 жылдың қаңтар айында автопарктің 38,6% ғана жаңа көліктер болған. 

Соңғы жаңалықтар