Еліміздегі бағалау қызметін тек арнайы куәлігі бар мамандар ғана жүргізе алады - ҚР Бағалаушылардың республикалық палатасы

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Бағалау қызметі туралы» ҚР заңының жаңартылған нұсқасы бойынша еліміздегі бағалау қызметін тек арнайы куәлігі бар мамандар ғана жүргізе алады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бағалаушылардың республикалық палатасының төрағасы Вилен Елисеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, Қазақстанда бағалау қызметімен айналысатын мамандар палатаның мүшесі болуы міндет. «Заңға сәйкес, егер бағалаушы маман палатаның мүшесі болмаса, оған осы салада жұмыс істеуге болмайды. Бүгінгі таңда 3 мыңға жуық куәлік бөлініп отыр. Осы уақытқа дейін Республикалық палатаға кіретін жергілікті палаталардың құрамына 726 маман кіруге ниет білдірді», - дейді В.Елисеев.

Палата төрағасы атап көрсеткендей, бағалаушының аты-жөні мен куәлік нөмірін палатаның сайтында табуға болады. «Егер азаматтар жергілікті жерлердегі палаталардың қызметіне қанағаттанбаса, олар Республикалық палатаға келіп, арыздана алады. Палата жанындағы сарапшылар кеңесі кез келген арыз-өтінішті қарап, шұғыл түрде тиісті шешімді шығарып береді», - деп атап көрсетті В.Елисеев.

Соңғы жаңалықтар