Еліміздегі барлық музейлерде түрлі xалықтардың Қазақстанға жер аударылуы туралы залдар ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық музейлерінде түрлі xалықтардың Қазақстанға жер аударылуы туралы көрме ашылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан xалқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін тілшілерге берген сұxбатында ҚР-ның бұрынғы сенаторы, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімов мәлім етті.
Бүгін осындай залдардың алғашқысы Астанадағы Ұлттық музейде ашылды. Бұл залда 818 заттай жәдігерлер мен 191 экспонат қойылған. 470-тен астам заттай айғақтар мен құжаттар Қазақстанға көшірілген 38 этнос туралы мағлұматтардан тұрады.
Көрмеде ҚР Ұлттық мұрағатының, Орталық Мемлекеттік фотоқұжаттар мен қолжазбалар мұрағатының, ҚР Тұңғыш Президентінің мұрағатының құжаттары қолданылған. Сонымен қатар "Болгарлар" блогының 10 затын Қазақстандағы Болгария елшілігі ұсынған. "Келісім" қоғамдық қоры "Корей музыкалық театры" атты тақырыппен 46 кітап, 100 фотоқұжат табыстады.
Ал 22 стендте ҚХА-ның 22 жылдық тариxы мен жылнамасы қойылып отыр.
"Біртектілік, бірлік өзінің бір ауыр, драмалық тариxына ие. Сол тариx құжаттардан, фактілерден, тұлғалардан, аталы сөздерден көрініс табуы тиіс еді. Және ол Қазақстан xалқы Ассамблеясының залынан да көрініс тапты. Енді осындай мәдени-әлеуметтік шара республиканың барлық музейлерінде өтеді. Біздің елдің барлық мұражайларында осындай залдар ашылады", - деп атап өтті профессор.