Еліміздегі бос жұмыс орындарының басым бөлігі Астана қаласында болып тұр

Агенттік мәліметтеріне қарағанда Астана қаласында бос жұмыс орындарының басым көпшілігі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында (1 733 бірлік) болса, Алматы қаласында көтерме және бөлшек сауда мен автомобиль жөндеу саласында (1 147 бірлік), ал Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіпте (1 431 бірлік) қалыптасқан.
«Қызметкерлерге қажеттіліктің басым көпшілігі Қарағанды облысында белгіленді және бұл аталған облыста - 4 697 адамды, Алматы қаласында - 4 576 адамды, Астана қаласында - 4 403 адамды, Қостанай облысында - 4 138 адамды құрады», - делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар, бос орындардың ең аз көрсеткіші Жамбыл облысында - 148 бірлік, Қызылорда облысында - 216 бірлік, Ақтөбе облысында - 303 бірлікті құраған. Ал қызметкерлерге ең аз қажеттілік Қызылорда (276 адам), Ақмола (291 адам) және Ақтөбе облыстарында (479 адам) қалыптасты.