Еліміздегі электр энергетикасын дамытуға одан әрі жағдай жасайтын заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Аталған заң жобасы энергетика, табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі, сондай-ақ электро энергетикасын одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері жөніндегі заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында әзірленген. Заң жобасымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне электр энергиясын және электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет көрсетулерді сату тәртібін бұзғандығы үшін жауаптылық белгіленеді. Бұдан бөлек энергия өндіруші ұйымның инвестицияларының көлемі мен бағыттары, инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына уақытылы дұрыс немесе толық жарияламағаны үшін жауапкершілік белгіленеді. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің оларды орындау мәселелерін реттеу мақсатында инвесциялық бағдарламаларды және олардың іске асырылуы туралы есептерді талдауды бекіту тәртібі реттеледі. Бұл ретте табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындамаған кезде игерілмеген қаражатты тұтынушыларға қайтару міндеті жүктеледі. Сонымен қатар инвестициялық бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз етуді, бағаны төмендету, игерілмеген қаражатты тұтынушыларға қайтару жөніндегі міндеттемелерді енгізу арқылы инвестициялар салу кепілдемелерін қамту қарастырылады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы Бас комитетке екінші оқылымды әзірлеу үшін тапсырылады.