Еліміздегі ең танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жиырмаға толды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ең танымал волейболшысы Сәбина Алтынбекова кеше туған күнін атап өтті.

Еліміздегі ең танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жиырмаға толды

Сауық кеш Алматы мейрамханаларының бірінде өтті, онда спортшыны құттықтау үшін достары мен әріптестері келді.

null  

Сәбина Алтынбекова 1996 жылы 5 қарашада Ақтөбеде дүниеге келді.

2014 жылы ол кездейсоқ танымал болып кетті. Сол жылы Тайваньда өткен 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында жергілікті БАҚ-тардың көзі қазақстандық бойжеткенге түсті.

null null  

Волейболшының фотолары жарияланған соң С.Алтынбекова Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі ең танымал спортшыға айналды. Бірнеше күнде оның жүз мыңнан астам жанкүйері пайда болды.

2015 жылы көктемде Сәбина жапондық клубқа ауысып, біліктілігін көтерді. Биылғы наурыз айында «Алматы» клубына қайта оралды. Бүгінде оның Instagram оқырмандары 600 мыңнан асады. 

null