Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты - ДСМ

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты - ДСМ

Баспасөз баянында хабарланғанындай, әртүрлі індеттер мен сырқаттардың өршуі тіркелген жоқ.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында тырысқақ, оба, туляремия, қылау, дифтерия, полиомиелит, трихенеллез, аусыл аурулары тіркелген жоқ.

2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ботулизммен сырқаттанушылық - 4,3 есеге, күйдіргіге ұшырау - 2 есеге, сальмонеллезбен сырқаттану- 35,6 %-ға, вирустық гепатит - 30,1%-ға, оның ішінде «А» вирустық гепатиті - 31,1 %,-ға, «В» вирустық гепатиті - 26,5%-ға, ротавирустық инфекция - 26,6%-ға, қышыма - 19,7%-ға, сарып - 15,7%-ға, бактериалдық дизентерия - 15,0%-ға, ішек инфекциялары -13,1%-ға, тыныс алу органдары туберкулезі -11,7%-ға, эхинококкоз - 8,9%-ға, АИТВ инфекциясын жұқтыру -5,8%-ға төмендегені байқалады.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде еліміздің өңірлерінде ағымдағы жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда конго-қырым геморрагиялық қызбасымен (КҚГҚ) халықтың сырқаттанушылығы 2,8 есеге төмендегені байқалады.

Ағымдағы жылдың 11 шілдесіндегі жағдай бойынша елімізде КҚГҚ-ның 6 жағдайы тіркелген (2010 жылы - 17 жағдай).

Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты сыртқы шекараны санитариялық қорғау күшейтілді.