Еліміздегі халықтың 55 пайызы Ресейдің ақпараттық кеңістігі аясынан шықпай отыр - К. Мәсімов

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы  айдың соңында Ресей мен Қазақстан ортақ кедендік одақ аясында жұмыс істемек. Келесі кезекте осы екі елдің бірыңғай экономикалық кеңістігі қалыптасады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада басталған «Электронды Үкіметтің бастамалары» төртінші халықаралық конференциясы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шыны керек, қазірдің өзінде біз бір ақпараттық кеңістікте өмір сүріп келеміз. Социолог сарапшылардың зерттеулері бойынша, ел халқының 55 пайызы Ресейдің ақпараттық кеңістігінен шықпай отыр. Бұл, әрине біреулер үшін қуанышты жағдай. Бірақ бәсекелестік заңдарына сәйкес біз осы көрермен аудиториясы үшін күресуіміз қажет. Интернет, теледидар және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да салалары бойынша ресейлік көрермендерді өзімізге қаратып алуға тиіспіз», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар