Еліміздегі ірі туристік жобаларды Лас-Вегастың инвесторлары қаржыландырады - Т.Досмұхамбетов

АНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздегі арнайы бағдарлама аясында қолға алынып жатқан ірі туристік жобаларды Лас-Вегастың инвесторлары қаржыландыратын болады.

Еліміздегі ірі туристік жобаларды Лас-Вегастың инвесторлары қаржыландырады - Т.Досмұхамбетов

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясы аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, туризм саласындағы ірі үш жоба - Ақтау сити, Бурабай орталығы және Каспий жағалауындағы туристік инфроқұрылымды қаржыландыруға Лас-Вегастың инвесторлары ниет танытып отыр. «Иә, қазіргі кезде олар үшін аталған жобалар тиімді бастама ретінде қарастырылуда. Сондықтан олар бұл жобаларды қаржыландыруға ниетті болып отыр»,-дейді Т.Досмұхамбетов.