Еліміздегі қатерлі ісікке шалдыққандардың саны статистика мәліметтерінен анағұрлым көп - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісік ауруына шалдыққан 27 мыңнан астам адам тіркеледі.

Еліміздегі қатерлі ісікке шалдыққандардың саны статистика мәліметтерінен анағұрлым көп - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасы

Алайда нақты мұндай ауруға шалдыққандардың саны ресми деректен әлдеқайда жоғары. Бұл туралы бүгін Астанада өткен онлайн-мәслихатта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасы Кеннет Әлібек мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде тек бір жылда қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың саны 30 мыңнан асып жығылады.

«Ал жер шарының халқы туралы айтқан кезде, бұл көрсеткіш миллиондаған адамдарға жетеді», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, осы мәселе бойынша статистикалық деректерді жүргізу әлі де болса біріздендірілген жоқ. Сондықтан, қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың саны статистикалық мәліметте келтірілген деректерден әлдеқайда көп.