Еліміздегі киіктерді қорғау үшін заманауи технологиялар пайдалануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ киіктердің популяциясын сақтауға биыл 20 млн-нан аса теңге бағыттады. Аталған сома  Каспий маңы аймағындағы жануарларға спутниктік таңбалаумен бірге киіктердің мойнына тағылатын бау алуға жұмсалмақ. 

Еліміздегі киіктерді қорғау үшін заманауи технологиялар пайдалануда

 Жобаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ) қолдауымен Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қазақстандық ассоциация (АСБК) іске асырады.

2009 жылдан бері жүзеге асырылатын киіктерді спутниктік таңбалау шарасы олардың қоныс аудару жолын оңай анықтауға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде киіктерге (бетпақдала және үстірт популяциясына) 68 спутниктік қондырғы тағылған болатын. Оның 44-і (36-бетпақдала, 8-үстірт) тұрақты түрде ақпарат беруде.  Киіктерді аулауға  арналған әдестемені ҚБСА мамандары жасаған. Бұл әдіс дүниежүзінде алғаш рет пайдаланылды. Сондай-ақ, ол жануар үшін ең қауіпсіз болып табылады. Спутниктік қондырғылардан алынатын ақпаратқа сәйкес жануарлардың қоныс аудару бағыттары бойынша карта жасалып, Орман және аңшылық шаруашылығына тапсырылады.

Киіктерді сақтау мәселесі - бүгінде еліміздегі адами басты міндеттердің бірі. Әлбетте осы мәселені шешуге мемлекет, қоғам және бизнес етене қатысу тиіс.

Киіктердің аурудан жаппай қырылуын айтпағанда, браконьерлер де жануарлар популяциясының санына үлкен залал келтіреді. Себебі, олар көбіне аталық киіктерді атып алады. Бүгінде киіктерді қорғауда дәстүрлі әдістермен қатар заманауи технологиялар да қолданылуда. Мәселен, соңғы 7 жыл ішінде табиғатты қорғау ұйымдары спутниктік бақылау жүйесін кеңінен пайдаланып келеді. Осының арқасында, браконьерлік фактілердің саны екі есе қысқарды. Өткен жылы ҚР АШМ инспекторлары браконьерліктің 50 фактісін тіркеп, киіктердің 1419 мүйізін тәркіледі. Биылдың өзінде 6 факт тіркеліп, киіктің 122 ұшасы тәркіленді.

Киіктерді қорғауда аталған әдістің тиімділігін ескеріп, КҚК "Globalstar" және «Iridium» спутниктік жүйесі бар Sirtrack/Lotek үлгісіндегі таратқышпен қамтылған 30 бау сатып алмақшы. Киіктердің мойнына кигізілген баулар 2-2,5 жылдан кейін өзідігінен тарқатылып, түседі. Бірақ бауларды спутник арқылы тауып алып, одан соң қайта қолдануға болады. Сонымен қатар, Iridium Collar G5C 175E (Solar Assist - Sirtrack) бауы қуатты сәулелік панельден алады.

Айта кетейік, 2000 жылдан бастап,   Каспий құбыр жүргізу консорциумы өзінің қайырымдылық қызметі аясында Атырау облысының дамуына 7,9 млрд теңге бөлген. Консорциум басшылығы биоалуантүрлілікті сақтауға, табиғатты қорғау шараларына демеушілік көрсетуге қашанда дайын. 

Киіктерді ұстап, олардың мойындарына бау тағу жұмыстарын АСБК қоғамдық қоры жүргізеді. АСБК қоғамдық қоры - Қазақстанның Каспий теңізі маңындағы киік популяциясын өсіру және сақтау бойынша бірлескен бағдарламаның операторы. Аталмыш жоба екі жыл ішінде киіктердің көшу жолдарын анықтайды. Сонымен қатар, оларды бақылауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын жоспарлауға мүмкіндік береді. Оған қоса, алынған мәліметтер киіктердің барлық популяциялардағы ауруларын зерттеуге ықпал етеді деп күтілуде.

Киіктерді ұстау және оларға қамыт орнату 2017 жылдың қыркүйегінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2003 жылы Қазақстандағы киік саны 21 мың басқа әрең жететін. Бүгінгі таңда елімізде 123 млн. га аумақты мекендейтін 108 мыңнан аса киік бар.