Еліміздегі қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған институттың әлемде баламасы жоқ - Ева Акрачкова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл нағыз достықты, келісім мен тұрақтылықты атап өтетін жыл. 2015 жыл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Көпшілік бейбітшілік, руханият пен келісім мәдениеті паш етілген көптеген маңызды шараларды күтеді, деді Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Ева Акрачкова.

Еліміздегі қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған институттың әлемде баламасы жоқ - Ева Акрачкова

«Биыл мерейтой аясында Астанада арнайы форум өткізу жоспарланған. Келелі басқосуда аумалы-төкпелі әлемдік жағдайлар ескерілген аса маңызды мәселелер қозғалады деген ойдамын. Қазір сын тезінен біріншіден, ұлтаралық қарым-қатынастар өтетіні аян. Сондықтан, тұрақтылық пен келісімді сақтауда жаңа леп беретін бастамалар, еліміздің қауіпсіздігі, тілдердің дамуы мен қазақстанның жалпыхалықтық идеясы жан-жақты талқыланады деген ойдамын.

Атап өтетін жайт, еліміздегі қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған институттың әлемде баламасы жоқ. Көптеген елдер бізден осы тұста үлгі ала бастады. Менің ойымша, түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін арнайы ошақ, бірегей модель бүкіл әлемге қажет-ақ. Экстремистік пиғылдағы оқиғаларды бастан кешкен әлем елдері қазіргі таңда ұлтаралық келісімді сақтауға мүдделі. Қазақстан болса, этносаралық қарым-қатынастарға қатысты мол тәжірибені жинақтады. Енді баршамыздың алдымызда тұрған мақсат сол тәжірибені нығайтумен қатар, этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық бірегей моделін одан әрі насихаттау», - деді сарапшы.