Еліміздегі қылмыстың 50 пайызға жуығын жастар жасайды - Б.Сапарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жасалатын қылмыстардың 50 пайызға жуығын жастар жасайды. Бұл туралы бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «Елбасымен бірге жастардың қадамы» форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.
None
None

«Соңғы кездері біз жастар арасындағы қылмыстың күшейіп кеткені туралы көптеген мәліметтер аламыз. Республика бойынша орын алатын қылмыстардың 50 пайызға жуығы жастардың қолымен жасалады. Былтыр 2013 жылмен салыстырғанда қылмыстылық 12 пайызға артты. Мәселен, 2014 жылы 12 мыңнан астам жас сотталды. Бұл - өте көп», - деді Б.Сапарбаев.

Оның айтуынша, жастар арасындағы қылмыс бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Қарағанды облысы алдыңғы қатарда тұр. Осыларды айтай келе, Б. Сапарбаев форумға қатысып отырған облыс әкімдерінің орынбасараларын жастармен жұмысты жақсартуға шақырды. Сонымен қатар, вице-премьердің айтуынша, жастардың қылмысқа көп баруына оларды жұмыспен қамтудың төмен деңгейі де әсер етеді. Мәселен, соңғы 3 жылда 21 мың колледж түлегі мен 35 мың ЖОО түлегі жұмыс таба алмай жүр. Б. Сапарбаев, сондай-ақ, жастар арасында салауатты өмір салтын кең көлемде насихаттаудың маңыздылығын да атап өтті. Оның мәліметінше, жастардың тек 13 пайызы ғана тұрақты түрде спортпен айналысады. Ал оқушыларды мектептерде спорт үйірмелерімен қамту деңгейі дамыған елдерден 4 есе кем.

Соңғы жаңалықтар