Еліміздегі мемлекеттік сатып алуларға қатысты көптеген конкурстар формальды түрде ұйымдастырылуда - Бас прокуратура

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздегі мемлекеттік сатып алуларға қатысты көптеген конкурстар формальды түрде ұйымдастырылуда.
None
None

Бұл мәселеге қатысты мәліметтерді бүгін  журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның мәліметтеріне қарағанда, Тараз қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі 345,6  миллион теңгеге қала көшелерін жөндеу жұмыстарына конкурс өткізген. Ал шын мәнінде бұл жұмыстар 2008 жылы-ақ аяқталған. Прокурорлық тексерулердің нәтижесінде аталмыш конкурстар заңсыз деп табылды. «Сонымен қатар қазір конкурсқа жалған мекеме немесе жалған азаматтардың қатысу оқиғалары да орын алып отыр. Мысалы, Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының құны 102 миллион теңге тұратын ішкі жолдарын жөндеуге «Ақтау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып табылған. Ал арнайы жүргізіліген сараптау жұмыстары «Ақтау жолдары»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 31 миллион  теңгенің жұмыстарын аяқсыз қалдырғандығын көрсетті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді  ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар