Еліміздегі мұнай-газ компанияларының еңбекақысын шетелдік компаниялар деңгейіне жеткізу қажет - Ұ. Елубаев

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздегі мұнай-газ компанияларының еңбекақысын шетелдік компаниялар деңгейіне жеткізу қажет. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің атына сауал жолдаған депутат Ұзаққали Елубаев осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық арасында, БАҚ-та еліміздің қазба байлақтарын игеріп жатқан шетелдік инвесторлардың әрекеттеріне қатысты түсініспеушілікке жетелейтін пікірлер жеткілікті. Бір ғана, Атырау облысында жүзден астам шетелдік инвесторлар тіркеліп, жұмыс істейді. Ал олардың немен айналысып жатқанын, елге тигізген пайдасы қаншалықты екендігі, салықты қай деңгейде төлейтінін, қанша қазақстандық маман жұмысқа тартылғанын қарапайым халық түгілі депутаттар да хабарсыз. Атырау, Маңғыстау облыстарының жұртшылығы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының өкілдеріне өз көкейіндегі сауалдарын қойып, тиісті проблемалар болса жеткізе алады. Ал бұндай талап шетелдік инвесторларға мүлдем қойылмайды. Машкевичтің Еуразиялық тобы қызметкерлерінің жалақысы «ҚазМұнайГаз» компаниясы қызметкерлерінен 39 есе көп болса, «Қазақмыс» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 20 есеге дейін артық», деді депутат. Оның айтуынша, осындай айырмашылықтың нәтижесінде еліміздің білікті мамандарының шетелдік компанияларға қызметке ағылып жатқаны байқалады.

«Еліміздің ұлттық мұнай-газ компаниялар қызметкерлерінің еңбекақысы елімізде қызмет ететін инвесторлардың деңгейінен кем болмауы қажет», деді Ұ. Елубаев.

Соңғы жаңалықтар