Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда - Ә. Смайылов
«2012ж жылғы қаңтар-тамызда 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда Қазақстанға көшіп келгендер саны 3348 адамға, немесе 14,2 пайызға азайды және 20235 адамды құрады. Ал Қазақстаннан кеткендер саны да 1221 адамға, немесе 6,0 пайызға азайып, 19273 адамды құрады. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда»,-деп атап өтті агенттік басшысы.
Оның айтуынша, ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 17053 (84,3%) және 18343 адам (95,2%) құрады. Биылғы қаңтар-тамызда ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2420 адамға немесе 1 пайызға азайып, 228325 адамды құрады. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 5 өңірінде байқалды, оның ішінде мөлшері жағынан ең көбі Астана (13708 адам) және Алматы (4222 адам) қалаларында және Алматы облысында (3933 адам).