Еліміздегі оқушылардың барлығын АҚШ тәжірибесі бойынша мектеп автобустарымен қамтамасыз ету қажет - сенатор

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова еліміздегі мектеп оқушыларының барлығын АҚШ тәжірибесі бойынша мектеп автобустарымен қамтамасыз етуді ұсынды.

Еліміздегі оқушылардың барлығын АҚШ тәжірибесі бойынша мектеп автобустарымен қамтамасыз ету қажет - сенатор

«Біз еліміздегі барлық оқушыларды, қыз бала болсын, ұл бала болсын, мектепке дейін қауіпсіз жету үшін оларды көлікпен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл тек ата-аналардың ғана иығына артылатын жүк емес», - деп атап өтті ол сенатор «Дүниежүзілік қыз балалар күніне» арналған дөңгелек үстел барасында.

«Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде мектеп оқушыларын сары автобустармен тасымалдайды. Мәселен, АҚШ-та, Израильде мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Біздің елде де осындай жұмыстар атқарылуы қажет», - деді Б. Әйтімова.

Айта кетейік, Дүниежүзілік қыз балалар күні 2012 жылы БҰҰ бастамасымен 11 қазанға белгіленген.