Еліміздегі орман саласына қатысты бірнеше заң жобалары талқыланды ? дөңгелек үстел

АЛМАТЫ. Мамырдың 22-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда Қазақстанның биоалуандығын сақтауды құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтіп жатыр,

Еліміздегі орман саласына қатысты бірнеше заң жобалары талқыланды ? дөңгелек үстел
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Шараны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті, БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) ұйымдастырған. Отырыс барысында Қазақстанның 2020 жылға дейінгі мемлекеттік орман саясаты туралы тұжырымдамасы, «Орман шаруашылығы, жануарлар әлемі және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, сондай-ақ БҰҰ ДБ ұсынысымен дайындалған «Қазақстанның таулы аймақтарындағы агробиоалуандықты сақтау» жобасы талқылануда.«Қазақстан тәуелсіздік алған соң бірнеше жыл бойы 1978 жылғы орман кодексі бойынша жұмыс жасап келді. Одан кейін бұл бағытта бірнеше заңдар қабылданды. Алайда уақыт талабына орай заңдарды толықтыру, жаңа заң жобаларын қабылдау қажет. Қазіргі кезде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті бірнеше заң жобаларын дайындауда. Бүгін осы заң жобаларын қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың назарына ұсынып, ұсыныстарды жобаларға енгізуді қарастырамыз», деді отырысты ашқан Орман және аң шаруашылығы комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар басқармасының бастығы Қайрат Өстеміров.Оның сөзіне қарағанда, орман қорының азаюы, сондай-ақ орманды қорғауды күшейту бағытында да жаңа заң қажет.Басқосуға 50-ден астам үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың, халықаралық жобалардың өкілдері қатысып, заң жобаларына байланысты өз ұсыныстарын білдірді. Бұлар отырыс соңында қабылданатын арнайы қарар бойынша жаңа заңға енгізілу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына ұсынылады.