15:22, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 2 жылға артты
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 2 жылға артты. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.

Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, қабылданған кешенді шаралар орташа өмір сүру ұзақтығын 2 жылға арттыруға мүмкіндік берді. Яғни, 2007 жылдағы 66,4 жылдан 2010 жылдағы 68,4 жылға дейін ұзарып отыр.
Сонымен қатар биылғы бірінші жартыжылдықта аналардың өлімі 2007 жылға қарағанда 63 пайызға төмендеді. Ал балалардың өлім-жітімі 26 пайызға азайды.