Еліміздегі рұқсат беру құжаттарының 35 пайызын жою қажет - С. Ахметов

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Рұқсатнама жүйесін жетілдіру бойынша құрылған жұмыс тобы еліміздегі рұқсат беру құжаттарының 35 пайызын жоюды ұсынып отыр. 
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, бүгінгі таңда республикда 1 мыңнан астам рұқсат беру құжаттары тіркелген. «Жұмыс тобы осы құжаттардың 35 пайызын жоюды ұсынып отыр. 348 рұқсатнаманың ішінде 113 лицензия беру қызметі бар. Адвокаттық, нотариалдық, баға беру, аудиторлық және тағы басқа қызмет түрлері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылын қамтамасыз етіп, лицензия беруден өзін-өзі реттеу жұмысына көшу қажет», деді С. Ахметов.

 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары атап көрсеткендей, қазіргі кезде елімізде рұқсатнама жүйесін жетілдіру бойынша арнайы Үкімет қаулылары мен заң жобалары әзірленуде. Оларға сәйкес 5 кодекске, 1 конституциялық және 41 заңға, 77 Үкімет қаулысына, 55 мекеме бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар