Еліміздегі салық жүйесін Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша есептеу ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат –Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов салық жүктемесінің коэффцентін Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша есептеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі салық жүйесін Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша есептеу ұсынылды

«2021 жылғы іскерлік климат» атты зерттеудің қорытындысы бойынша, кәсіпкерлердің 17%-ы салықтың тым жоғары екенін айтса, 5%-ы салық органдарының тарапынан қысым бар екенін айтқан.

Салық жүктемесін есептеу әдістемесін қайта қарау қажет деп есептейміз. Салық жүктемесінің коэффицентін Дүниежүзілік банктің әдістемесі бойынша есептеуді ұсынамыз.

Қазіргі таңда бүкіл кәсіпкерлер үшін еңбекке ақы төлеу қорынан шағын бизнестің арнайы салық режиміне бірыңғай төлем енгізу туралы түзетулер жобасы қаралып жатыр», - деді ол Facebook-тегі парақшасында.

Ұлттық экономика министрлігінің есебі бойынша, мемлекет жалпы сомасы 4,5 трлн теңге болатын 277 түрлі салық жеңілдігін ұсынып отыр.

«Оның 50%-дайы қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктер. Бірақ қосымша құн салығын саралап тағайындамаса, қазіргі жеңілдіктерді сақтап қалу мүмкін емес.

Қазіргі таңда Президент тапсырмасы бойынша, Салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл тұжырымдама қабылданса, аталған проблема шешімін табады деп үміттенемін», - дейді Рустам Жүрсінов.


Фото: www.facebook.com/rzhursunov