Еліміздегі сумен жабдықтау желілерінің шамамен 24 пайызы күрделі жөндеуді қажетсінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі сумен жабдықтау желілерінің шамамен 24 пайызы күрделі жөндеуді қажетсінеді.

Еліміздегі сумен жабдықтау желілерінің шамамен 24 пайызы күрделі жөндеуді қажетсінеді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

«Республикадағы сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 61 мың шақырымды құрайды. Оның 24 пайызы күрделі жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды қажет етеді», - Қ.Өскенбаев.

Вице-министрдің алға тартқан деректеріне сәйкес, су бұру жүйесінің ұзындығы 15 мың шақырымға тең.

«Статистикалық деректерге сәйкес, біздің халқымыздың саны 17, 4 млн. адамды құрайды. Оның 13,4 млн. адамы немесе 77,4 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл реттегі қала халқының саны 8,2 млн. адам немесе 86 пайыз. Ауылды жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған халық саны 5,2 млн. адам немесе 66,9 пайыз. Жекелеген сумен жабдықтау жүйесін 3,9 млн. адам немесе халқымыздың 22,5 пайыз пайдаланады. Оның ішінде қала халқы 1,3 млн. адамды немесе 14 пайызды, ал ауыл тұрғындары 2,6 млн, адамды немесе 33 пайызды құрайды», - деді ол.