Еліміздегі сурдологиялық көмекті дамыту мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Ертең, маусымның 11-і күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасында сурдологиялық көмекті дамыту мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.
Бұл шараны «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жанындағы Әлеуметтік Кеңесі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Басқосуда ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тамара Вощенкова, «Есту қабілетін түзетудің Республикалық орталығы» РМҚК директоры Ғабит Кәрім, Ақыл-ой және дене кемтарлығы бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен сауықтыру орталығы» ЖШС Бас директоры Роза Сүлейменова, Республикалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның меңгерушісі Әлия Ерсарина сөз сөйлейді деп күтілуде.