13:01, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Еліміздегі танымал қорық-мұражайларда сапар орталықтары салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі бірқатар танымал қорық-мұражайларда сапар орталықтары салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров мәлім етті.

«Биыл «Таңбалы» тарихи-мәдени мемлекеттік қорық-мұражайы аумағында сапармен бару орталығының құрылысы жобасы әзірленді. Алдағы уақытта осындай жобаларды «Әзірет Сұлтан» және «Отырар» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайлары бойынша даярлау жоспарланып отыр», - деді министрдің орынбасары.
Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылда «Есік», «Ежелгі Тараз», «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайлары аумағында сапар орталықтары салынғанын, онда оқу және көрме залдары, жәдігерлер павильондары жасақталғанын еске салып өтті.