Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы парламенттік тыңдау өтеді

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, наурыздың 27-сі күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы» парламенттік тыңдау өтеді,

Еліміздегі техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы парламенттік тыңдау өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған шараны Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырып отыр. Бұл басқосуда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев пен Мәжіліс депутаты, парламенттік тыңдауды дайындау үшін құрылған арнайы уақытша комиссияның төрағасы Қылышбай Бисенов баяндама жасайды.Осы парламенттік тыңдауға Парламент депутаттары, кәсіптік білім беру саласының өкілдері, облыстық әкімшілік басшылары қатысады.