Еліміздегі жасөспірімдердің жартысы остеопороз ауруына шалдыққан - Қазақстандық дәрігерлер қауымдастығы

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/-Остеопороз бойынша Қазақстандық дәрігерлер қауымдастығы еліміздегі мектеп оқушылары арасында остеопороз ауруының таралуына баланысты жағдайға алаңдаулы. Бұл жайында олар арнайы өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш қауымдастықтың президенті Гүлжан Ғабдуллинаның айтуынша, қауымдастықтың зерттеулер нәтижесі бойынша еліміздегі жасөспірімдердің жартысы қауіпті дерттің бірі саналатын сүйек ұлпаларының ауруы- остеопороз ауруына шалдыққан. «Өкінішке қарай, бұл мәселеге ата-аналардың жіті көңіл бөлмейтіндігінен, дұрыс тамақтанбағандықтан, газдалған сусындарды, фастфуд тағамдарды пайдалану, сүт өнімдерін жеткілікті мөлшерде қолданбағандығынан осындай мәселе бүгінгі күні өзекті болып отыр", деп атап өтті ол.

Жиын барысында дәрігерлер инфекциялық аурулар емес, остеопороз әлем бойынша 4-ші орынды алатындығын атап өтті. Бүгінгі уақытта ауру белгілері білінбей жүретіндіктен бұл ауру «үнсіз эпидемия» деген атауға ие болған. Остеопороз ауруына шалдыққан адамдардың 1 пайызы ғана бұл ауру өзінде бар екендігін біледі екен.

Мамандардың айтуынша, бұл ауру йод тапшылығынан болады. Осының кесірінен қалқанша бездерінің жұмысы нашарлайды, мұның ақыры остеопорозға әкеп соқтырады.

Соңғы жаңалықтар