Еліміздегі жер карталарының 80 пайызы жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келмейді

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздегі жер карталарының 80 пайызы жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келмейді.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков осылай мәлім етті.

Төрағаның айтуынша, агенттікке геодезия және картография қызметіне үйлестіру функциялары жүктелген. «Бүгінгі күні еліміздегі жер карталарының 80 пайызға жуығы жергілікті жердің қазіргі жағдайына және мемлекеттің топономикасына сәйкес келмейді. Мемлекеттік топографиялық карталар жылдам ескіріп жатыр. Бұл экономикаға айтарлықтай зиян келтіруі, кейде орны толмас шығындар әкелуі мүмкін», - дейді Ө. Өзбеков.

Оның айтуынша, өткен жылы Астана қаласының ірі масштабтағы картасы дайындалған. Алматы мен Атырау қаласының сандық аэрофото түсірілімдері де жүргізілген. Экономикаға қажетті әртүрлі масштабтағы 1 мың 700 парақ топографиялық карталар да қайта жаңартылған. «2008 жылдан бастап агенттік Каспий теңізінің қазақстандық секторына теңіз табанының ірі масштабтағы теңіз картасын жасауда. Қазіргі кезе тиісті геодезиялық және картографиялық іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жер сілкіністерінің бастапқы белгілері болып табылатын жер қыртысындағы геодинамикалық өзгерістерді бақылап отыру үшін Алматы, Шелек, Жамбыл және Зайсан геодинамиккалық полигондарында жоғары дәлдіктегі геодезиялық өлшемдік жұмыстар жалғастырылуда», - деді Ө. Өзбеков.

Соңғы жаңалықтар