15:59, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Еліміздегі жоғары октанды бензиннің бағасын көтеру қажет - «ҚазМұнайГаз» компаниясы
АНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздегі жоғары октанды бензиннің тапшылығын төмендету үшін осы өнімнің көтерме бағасын 80-85 теңгеге дейін көтеру қажет.

Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Мұнайды өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Данияр Таесов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның пайымдауынша, қазіргі кезде Қазақстанда дизель отыны және АИ-80 маркалы бензиннің тапшылығы жоқ. «Қала халқы жүретін жоғары октанды бензиннің аздығы байқалады. Осы санаттағы өнім Ресейден әкелінеді. Біздіңше, қазіргі тапшылық жағдайынан шығу үшін көтерме баға саласындағы саясатты ұстанып, жоғары октанды бензиннің бағасын 80-85 теңгеге дейін өсіру қажет деп ойлаймыз», дейді Д.Таесов.