Еліміздегі жоғары оқу орындарының техникалық және биологиялық мамандықтарында жыл сайын түлектер арасындағы байқау артып келеді - М.Сарыбеков
АНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздегі жоғары оқу орындарының техникалық және биологиялық мамандықтарында жыл сайын түлектер арасындағы байқау артып келеді.
Кеше елордадағы «Назарбаев университетінің» Сенат залында 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан ІІІ Президенттік олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз алған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков осындай пікір білдірді.
Құрамына Қазақстан, Ресей, Беларус ЖОО-ларының белгілі ғалымдары кірген қазылар алқасының жыл сайын Президенттік олимпиаданы өткізу сапасы артып келеді деген пікірін жеткізген ол: «Қазақстанның барлық өңірінен бас қосқан 127 оқушы 2 күн бойы «Назарбаев университетінде» білім жарыстырды. Бұл орайда білім ордасының барлық дәрісханалары пайдалануға берілгенін баса айтқым келеді. Бүгін салтанатты жағдайда олимпиаданың 13 жеңімпазы марапатталды», - деді.
Вице-министрдің атап өтуінше, Мемлекет басшысы Н.Нзарбаевтың күш-жігерінің арқасында соңғы жылдары математикақ және жаратылыстану ғылымдарының мәртебесі біршама артып отыр. Сондай-ақ ел жоғары оқу орындарының техникалық және биологиялық мамандықтарында да жыл сайын түлектер арасындағы байқау артып келеді.
М.Сарыбековтың алға тартқан деректеріне қарағанда, ағымдағы жылы «Назарбаев университетіне» 400-ден астам студент қабылданса, олардың 100-ден астамы - түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанған дарынды жастар.