Еліміздегі жол апаттарының 30% Алматы қаласында орын алған - ҚР Бас прокуратурасы
«Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр, онда 134 ЖКО орын алған. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан -1308 (1694), Ақмола - 259 (352) және Қарағанды - 429 (533) облыстары ЖКО саны төмен аймақтарға жатады. Бұған керісінше, Батыс Қазақстан 249 (176) және Шығыс Қазақстан 817 (726) облыстарында ЖКО-ның біршама өсуі байқалады. Батыс Қазақстан облысында ЖКО өсуі салдарынан онда жарақат алғандар саны да өскен - 382(258). Шығыс Қазақстан облысында да жағдай осыған ұқсас - 1133(994), алайда мұнда осы жылы қаза болғандардың саны 28 пайызға төмендегені 72(90) байқалады», делінген хабарламада. Сондай-ақ ЖКО салдарынан Қарағанды 83 (93), Маңғыстау 39(52), Ақтөбе 50 (55) облыстарында қаза болған адамдардың саны азайған. Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себептері өзгеріссіз қалып отыр. Бұрынғысынша ЖКО-ның немесе 90%-ы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Мәселен, жүргізушілердің кінәсінен 9 559 жол апаты болса, оның ішінде 326 жүргізуші алкогольдік немесе есірткілік мастану күйінде болған. Елімізде тіркелген ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында service.pravstat.kz адресі бойынша «Ақпараттық сервис» бөлімінде орналасқан жол апаттылық картасынан алуға болады. Еске сала кетейік, жыл басынан бері өткен 7 ай ішінде еліміздің жолдарында 10 187 жол-көлік оқиғасы болып, онда 14 278 адам зардап шекен.