Еліміздегі жол-көлік оқиғасын тудыруда ресейлік мен жапондық көліктер алда тұр - Прокуратура

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат -Қазақстанда жол-көлік оқиғаларына жиі тап болатын автомобильдердің көшін ресейлік және жапондық маркалар бастап тұр. Сонымен қатар, «AUDI», «Volkswagen», «Mercedes», «BMW» және «ВАЗ» бен «Toyota» маркалары еліміздің жолдарында көбірек апатқа ұрынады екен. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің прокуроры Рүстем Әбдірахманов мәлім етті.

Еліміздегі жол-көлік оқиғасын тудыруда ресейлік мен жапондық көліктер алда тұр - Прокуратура

Прокурордың мәліметіне сүйенсек, өткен жеті айда еліміздегі жол апатын ең көп тудырған «ВАЗ» (1644 бірлік) және «Toyota» (1364 бірлік) болып отыр. Бұдан кейінгі орындарды «AUDI», «Volkswagen» (966), «Mercedes» (889), «Mitsubishi» (522), «BMW» (415) және «Daewoo» (396) автомаркалары иеленеді.

«Әйтсе де, жол апаттарының себептері әлі де болса, жол көлік ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алып жатады. Оның ішінде жылдамдықты арттыру, қарсы бағыттағы жолға шығу, жол белгілері мен талаптарына бағынбаудың ақыры апатқа соқтыруда», - дейді Р.Әбдірахманов.