Елімізден 400 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша таңғы сағат 05.05-де (Гринвич бойынша 18 маусым 2013 жыл, 23 сағат 02 минут) Қазақстан шекарасынан солтүстік шығысқа қарай 400 шақырым жерде, Ресейдің Кемерово облысында жер сілкінісі тіркелді.

Елімізден 400 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық мәліметтер орталығынан хабарланды.

Жер сілкінісінің энергетикалық дәрежесі - 13.6. Магнитудасы - MPV 5.9.