Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек – Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Бұл пікірді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді. Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты. Елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында жаңа дәуірге жол ашылды. Осы жолда бірлігіміз әрдайым бекем болсын! Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге өркендетейік, ағайын!», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент Ұлытауда Ұлттық құрылтай өтетінін, оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылатынын айтқан еді.

Сонымен бірге, Қ. Тоқаев мемлекеттік қызметтің – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес екенін, бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау екенін баса айтты.


Соңғы жаңалықтар