Еліміздің 10 өңірінде жылу маусымы басталды

АСТАНА.  9 қазан. ҚазАқпарат -  Республика бойынша жол трассасы, сумен жабдықтау және су бұру желілері, электр желілері 99 пайызға дайын.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 8 қазандағы жағдай бойынша еліміздің 10 өңірінде жылу маусымы басталды. «Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық және тұрғын үй қоры нысандарының дайындығы да 99 пайызды құрап отыр»,-деді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жөндеу жұмыстары 33 білім беру нысандарында жүргізіліп жатыр. Алматы қаласында 31 нысанның құрылысын кестеге сәйкес қараша айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, Атырау облысында 2 нысанның құрылысын қазан айында аяқтау белгіленген. Бұған қоса 11 денсаулық сақтау нысанында дайындық жұмыстары аяқталмаған. Оның ішінде 6 нысан ОҚО-да биылғы 20 қазанға дейін тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Алматы қаласында да 4 нысанның құрылысы осы айда аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар