12:39, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Еліміздің 16 қаласында «Өз қан қысымыңды біл!» акциясы өтеді
АЛМАТЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - 17 мамырдан бастап еліміздің 16 қаласында «Өз қан қысымыңды біл» атты артериалдық гипертония дертінің алдын алуға арналған акция басталады.

Әлеуметтік бастама Дүниежүзілік артериалдық гипертония ауруымен күрес күніне орай, биыл осымен екінші рет өткізілмек. Шара мақсаты - артериалдық гипертония ауруының алдын алу және бұл мәселеде халықты хабардар ету.
Акция барысында еліміздің әрбір тұрғыны тиісті мекемелерге барып, өздерінің қан қысымдарын өлшетіп қана қоймай, аурудың алдын алу бойынша кәсіби мамандардан тегін кеңес алуларына болады.
Бұл шара халық көп жиналатын - емханаларда, ірі сауда орындарында, әуежайларда, теміржол вокзалдарында өтетін болады.