Еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жаңадан жасақталады - аға жаттықтырушы
Осыны басшылыққа алу керек. Бұл туралы футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының жаңадан тағайындалған аға жаттықтырушысы Оливер Пельцер бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Команда 6 аптаның ішінде жаңадан қайта жасақталады. Қазір бұрынғы құрамадағы 18 ойыншыдан тек біреуі ғана қалды. Ол өткен жылғы ең жас футболшы болып отыр. Мықтыларды алдағы күндері Бразилияның Оле Бразил мектебінің тәрбиеленушілерімен болатын ойындарда көретін боласыздар. Негізгі жарыс сәуір айында өтетін Президент кубогында болады", - дейді Оливер Пельцер.
Қазақстан Футбол федерацияның вице-президенті Виктор Катковтың сөзіне қарағанда, Федерация 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрасының маусым айында Бакуде өтетін Каспий кубогы мен тамызда Литвада болатын халықаралық турирге қатысуына келісім беріп отыр. Жалпы, қазіргі таңда байқауға шақырылған 50 жасөспірім Алматыда оқу-жаттығу жиынында жүр.