Еліміздің 2020 жылға дейінгі азық-түлік өндірісін дамыту шаралары мақұлданды - Үкімет отырысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі еліміздің 2020 жылға дейінгі азық-түлік өндірісін дамыту шараларын қабылдады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Еліміздің 2020 жылға дейінгі азық-түлік өндірісін дамыту шаралары мақұлданды - Үкімет отырысы

«Бүгін Үкімет отырысында біздің еліміздің 2020 жылға дейінгі азық-түлік өндірісін дамыту шаралары қабылданды. Өздеріңіз білетіндей, ауыл шаруашалығы өнімдерін қайта өңдеу агроөнеркәсіп кешенінің барынша маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығын оның өнімдерін өңдемей дамыту мүмкін емес», - деді ол.

Оның атап өтуінше, еліміздің қ өңдеу өнеркәсіптерінің жалпы көлемінің тек 16,5 пайызын ғана ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу өнеркәсіптері құрайды. Яғни, бұл саладағы екі мыңға жуық кәсіпорында елу мыңнан астам жұмыс істеуде. Жалпы, бұл салада соңғы жылдары ілгерілеушілік бар.

«2013 жылы қайта өңделген өнімнің көлемі шамамен бір триллион теңгені құрады. Бұл 600 млрд. теңгенің өнімі қайта өңделген 2009 жылмен салыстырғанда өсім 65 пайызға жуықтады», - деді А.Мамытбеков.