Еліміздің 250 храмында Рождество мерекесі атап өтілуде

АЛМАТЫ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін елімізде Рождество мейрамы кеңінен атап өтілуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекелік шара республикамыздағы 250 храмның барлығында жүргізілуде. Алматыдағы Епархия бас храмындағы Свято-Вознесенск кафедральды соборына келушілерді және барлық азаматтарды Астаналық және Алматылық митрополит Мефодий құттықтады. Арнайы қызмет кешке өтеді.

«Келіп жеткен жаңа жылда аманшылық, зор денсаулық, игі iстерде жетiстiктер тiлеймiн. Мейрімді құдайдан еліміздің тыныштығы мен аманшылығының сақталуын тiлеймiн. Өйткені, әлемде түрлі тұрақсыздықтар орын алып жатқанын біз білеміз. Біздер болып жатқан катаклизмдердi тек қана бақылаудамыз. Құдайдан еліміздің мұндай нәрседен аулақ болғанын тілейміз. Сонымен қатар барлықтарыңызды Рождество мейрамымен құттықтаймын. Дүниежүзіне тыныштық, рухани әлемде тепе-теңдік пен түсіністік тілеймін. Бізді қоршаған барлық өзекті мәселелер әлемнің материалдық жағының проблемасы емес, бұл - жанымыз бен ақыл-ойымыздың дағдарысы. Сондықтан имандылықты жүректен әрі жанымыз шығармайық», - деді митрополит Мефодий осынау мейрамға орай өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар