Еліміздің 3 облысындағы жолдарға шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Күннің күрт бұзылуына байланысты Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы бірқатар тасжолда жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

Еліміздің 3 облысындағы жолдарға шектеу енгізілді

Автокөліктің барлық түрлері үшін төмендегі тасжол учаскелері жабық:

1. «Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейінгі аралығы;

2. «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Арман ауылынан Байсейіт ауылына дейінгі аралығы;

3. «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы;

4. «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл облысынан Машат ауылына дейінгі аралығы;

5. «Алматы-Өскемен» тасжолының Первомайка ауылынан Өтеген-Батыр ауылына дейінгі аралығы;

6. «Қордай асуының айналма жолы».

«Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық автожолдар желісінде 515 арнайы техника мен 980 маман жұмыс істеп жатыр»,-делінген хабарламада.