Еліміздің 4 облысында 7 жол бөлігі жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 4 облыстың 7 учаскесінде жол балығанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«13 қаңтар күні сағат 11.15-тегі ақпаратқа сәйкес 4 облыста ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, температураның төмендеуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Автожолдарды тазарту үшін 250 бірлік жол-пайдалану техникасы және 350-ден астам қызметкер жұмылдырылды. 900 текше метр көктайғаққа қарсы материал қолданылды», - деп жазды ведомстводан.