08:39, 22 Қараша 2019 | GMT +5
Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы төмендейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 қараша күні Қазақстанның бес өңірінде жағымсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, жұма күні Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Өскемен қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.