Еліміздің 6 өңірінде тас жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 6 өңірінде тас жолдар жабық. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің 6 өңірінде тас жол жабылды

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қостанай облыстарындағы аумақтарда жол ішінара жабылды.

Жолдағы шектеулерге қатысты толық ақпаратты мына жерден көруге болады.