Еліміздің 7 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 7 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің 7 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

«2022 жылғы 26 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Көкшетау, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында күтіледі», - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.