Еліміздің 9 өңірінде өндіріс көлемінің өсімі қамтамасыз етілді - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің 9 өңірінде өндіріс көлемінің өсімі қамтамасыз етілді, деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтіп жатқан мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының 4 айдағы қорытындыларына арналған кеңесте.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттердегі парақшасында хабарлады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ негізгі капиталға инвестициялардың 15 пайызға артқанын атап өтті.