Еліміздің алшақ станция тұрғындары тегін сапалы медициналық тексеруден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің алшақ станция тұрғындары негізгі медицина саласының  білікті мамандарынан тегін тексеру мен емдеуден өту мүмкіндігіне ие болады. 

Еліміздің алшақ станция тұрғындары тегін сапалы медициналық тексеруден өтеді

Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі - медициналық қызметтер сапасын арттыру мен халық үшін қол жеткізілімдігін шешуге мүмкіндік беру мақсатында «Медициналық пойыздар» жобасы аясында 11 сәуірден бастап, «Саламатты Қазақстан», 18 сәуірден бастап, «Денсаулық» поездары жолға шығады. Пойыздар заманауи диагностілеу және емдеу жабдығымен: компьютерлік спирометриялық жүйемен, эхоэнцефалограф, бейнегастрофиброскоп, кардиологиялық мониторлық жүйемен, рентген-, стоматологиялық, ЛОР- және офтальмологиялық заманауи құралдармен жабдықталған.

 «Саламатты Қазақстан» пойызы орталық, солтүстік, шығыс және батыс өңірлер бөлігін 11 сәуірден бастап, 6 қарашаға дейін қамтиды. Ал «Денсаулық» пойызы оңтүстік және батыс өңірлерді 18 сәуірден бастап 20 желтоқсанға дейін қамтиды.

 Жоба шеңберінде алшақ станция тұрғындары негізгі медицина саласының  білікті мамандарынан тегін тексеру мен емдеуден өту мүмкіндігіне ие болады.

Әр медициналық пойыз консультативтік-диагностілеу көмегін көрсетуге  арнайы жабдықталған 8 вагоннан тұрады. Дәрігерлер бригадасының құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты негізгі бағыт мамандары бар. Аппаратура пациенттерге қажет жағдайда cito режимінде қан мен зәрге жан-жақты жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі органдар мен тамырларға УЗИ-тексерулер, электрокардиограмма, велоэргометрия, гастрофиброскопия, компьютерлік спирографияны, эхоэнцефалография мен диагностілеп тексерудің көптеген басқа түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Медициналық поездардың» дәрігерлері мен пациенттері телемедициналық конференция көмегімен Астана мен Алматыдағы республикалық клиниканың үздік мамандарынан консультация ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, медициналық персонал мен пойыз бригадасына арналған екі вагон-купеде ауа баптағыштар, теледидарлар, тоңазытқыштар, себезгі, био-дәретханалар мен кір жуу орны орнатылған. Сондай-ақ вагон-ресторан мен вагон-дизельді генераторы бар. Оның күші ТЖ жағдайында шағын тұрғылықты елді мекендерге жарық беруге жеткілікті. Қалған төрт вагон тек халықты қабылдауға және медициналық көмек көрсетуге арналған. Бұл жағдайда дәрігерлерге арналған жайлы вагондар, пойыздардың жолда жылына 300 күн болуына орай жабдықталған.

2010 жылдан 2016 жыл аралығында медициналық поездар мамандары 1052 алшақ станса тұрғындарын қарады. Бұл дегеніміз 299 мыңнан астам адам, олардың ішінде 71,5 мыңы - балалар.

2010-2016 ж.ж. аралығында «Денсаулық» пойызы "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурстың «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында және 2010 жылы «Қазақстандағы № 1 жыл таңдауы» халықаралық фестивалінде Қазақстанның үздік әлеуметтік-жауапты жобасы болып танылды.

«Медициналық поездар» жобасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қоры, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Қазпошта» АҚ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі өңірлік атқарушы органдардың қолдауымен іске асырылады.

Айта кетейік, «Медициналық поездар» атты кең ауқымды әлеуметтік жоба 2010 жылдан бастап іске асырылуда.

Жоба жаңалықтары, жүру бағдарлары, фото және бейне материалдармен wwww.medpoezd.kz  сайтында танысуға болады.