Еліміздің әрбір азаматы интернет арқылы елімізде қабылданатын заңдарға өздерінің ұсыныстарын білдіре алатын болды

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің әрбір азаматы енді интернет арқылы елімізде қабылданатын заңдарға байланысты өздерінің ұсыныстарын білдіре алады.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 1 сәуір күні «Заң шығармашылығы қызметі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, еліміздің Бюджет кодексі мен «Нормативті құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік процедуралар туралы» заңдарына түзетулер енгізілді.

«Аталмыш заң талаптары бойынша еліміздегі әрбір мемлекеттік орган өздері дайындаған заң жобаларын интернет-ресурстарында жария етулері тиіс. Ақпараттық технологиялардың дамып келе жатқан тұсында аталмыш шара өте өзекті болмақ және ол заң жобаларын көпшіліктің талқылауына ұсынуға мол мүмкіндік тудырады. Яғни еліміздің әрбір азаматы мемлекетте қабылданатын заң жобалары бойынша өздерінің ұсыныстарын беруге мүмкіндік алады», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар