Еліміздің астығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауымыз қажет - А. Буць

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астық мәселесі жөніндегі халықаралық кеңестің мәліметі бойынша, биылғы маркетингтік жылы әлемде астық өндіру көлемі 652 млн. тоннаны құрайды.
None
None


Бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейіне қарағанда 35 млн. тоннаға кем болмақ. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ алқа мәжілісінде Егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның айтуынша, астық импорттайтын елдердің барлығына жуығында сұраныстың азаюы болжануда. Негізгі тұтынушы елдерде импорттың қысқаруы, сондай-ақ әлемдік макроэкономикалық жағдайдың қиындауы тұрғысында астық өткізу көлемінің болжамы төмендеуде. «Экспорттың айтарлықтай қысқаруы Еуроодақ, Украина, Аргентинада күтілуде. Сонымен қатар Ресей мен Түркияда байқалуы мүмкін», деді А. Буць.

 Оның сөзіне қарағанда, әлемдік нарықтағы жағдайдың күрделенуі австралиялық және үндістандық бидай экспортының ұлғаюына ықпал етпек. Қазақстан үшін биылғы маркетингтік жылы негізгі экспорт бағыттары Кавказ елдері, Орталық Азия, Иран, Ауғанстан мемлекеттері болмақ. Сондай-ақ Кавказ елдері нарығында Ресей астығы тарапынан күтіліп отырған бәсекелестік, ал Иран, Ауғанстан нарықтарында австралиялық, канадалық, Пәкістан астығының бәсекелестігі - елімізде астық сапасын жоғарылату шараларын қабылдауды қажет етеді.

 «Сыртқы нарықтарда біздің басымдығымыз - ол астықтың тұрақты жоғары сапасында жатыр. Себебі, ағымдағы кезеңде жоғары протеинді астық ғана сұранысқа ие болуы мүмкін», деді департамент директоры.

Соңғы жаңалықтар