Еліміздің астық қабылдау кәсіпорындарында 3 млн. 568 мың тонна астық жатыр - АШМ

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша еліміздің астық қабылдау кәсіпорындарында 3 млн. 568 мың тонна астық жатыр. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен брифинг барысында мәлім болды.

Еліміздің астық қабылдау кәсіпорындарында 3 млн. 568 мың тонна астық жатыр - АШМ

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, ел кәсіпорындарындағы астықтың 2 млн. 784,5 мың тоннасы немесе қоймадағы астықтың 25 пайызы үш негізгі астық себуші облыстарға тиесілі болып отыр. Атап айтқанда, Ақмола облысында 565,2 мың тонна, Қостанай облысында 1 млн. 578,3 мың тонна және Солтүстік Қазақстан облысында 641,4 мың тонна астық бар.

Жалпы, еліміздің аумағында сыйымдылығы 13,9 млн. тоннаны құрайтын 215 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздерінде 10,6 млн. тоннаға жуық астық сақтай алатын қоймалары да баршылық. Осының бәрін ескергенде Қазақстанда тұтастай 24,5 млн. тонна шамасында астықтың сыйымдылығын қамтамасыз ететін сақтау орындары жұмыс істейді.